«Плюс» ЖШС-де еңбек ұжымымен мазмұнды кездесу өтіп, онда Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы талқыланды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Қызметкерлер алдында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» облыстық және аумақтық коалициясының өкілі — Алтай ауданының мәслихатының төрағасы Гречушникова Л.А. сөз сөйледі.

Өз баяндамасында ол негізгі өзгерістер туралы кеңінен айтып, Ата заңның жаңартылған преамбуласына ерекше назар аударды. Бүгінде онда елдің одан әрі дамуының негізі болып табылатын басты құндылықтар айқын көрсетілген: халық бірлігі, қоғамдық ынтымақ және табиғатқа жауапты әрі ұқыпты көзқарас.

Кездесу ашық әрі мазмұнды өтті. Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсынылған өзгерістерді талқылап, пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды. Талқылау жалғасуда, өйткені әрбір азамат ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін түсініп, саналы түрде таңдау жасауы маңызды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/altay-maslihat/press/news/details/1185787?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді