ҚАЛАДА КӨКТЕМГІ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қала аумағында көктемгі абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру бағытында кешенді шаралар қарқынды түрде жүзеге асырылуда.
Аталған жұмыстар аясында туристік нысандарда, көшелерде және тұрғын үйлердің аулаларында тазалықты сақтау, қоқыстарды дер кезінде шығару, жол жиектерін ретке келтіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Көктемгі кезеңге сәйкес көгалдандыру жұмыстарына ерекше назар аударылып, көгалдарды күтіп-баптау, суару жүйелерін реттеу, гүлзарлар мен жасыл аймақтарды қалпына келтіру шаралары кезең-кезеңімен іске асырылуда.
Сонымен қатар, қала аумағындағы сынған немесе бүлінген инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіру, орындықтар мен жарық шамдарын жөндеу, балалар және спорт алаңдарын ретке келтіру жұмыстары да қатар жүргізілуде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1185595?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді