
Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Алматы қаласында орналасқан кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіздік №11 мекемесіне жұмыс сапарымен келді.
Сапар барысында Омбудсмен сотталғандардың тұрмыстық жағдайымен, тамақтану сапасымен және медициналық қызмет көрсетілу деңгейімен танысып, кәмелетке толмаған тәрбиеленушілермен жеке сұхбат жүргізді. Сонымен қатар, Артур Ластаев мекеме кітапханасының қорын толықтыру мақсатында кітаптар табыстады.
№11 мекемесінің спорт алаңында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кубогы үшін шағын футболдан алғашқы турнир өтті.
Бұл турнирге үш команда қатысты: мекеме құрамасы және балалар-жасөспірімдер клубтарының «Рузаевка» мен «АРД» құрамалары.
Жеңімпаз болып «Рузаевка» құрамасы атанды.
ҚАЖ мекемесінің аумағында өткен алғашқы шағын футбол турнирі тек спорттық шара ғана емес, маңызды әлеуметтік бастамаға айналды. Мұндай кездесулер спорттың адамдарды біріктіре алатынын және әркімге өзін көрсетудің мүмкіндігін беретінін көрсетеді. Осындай турнирлер тек салауатты өмір салтын насихаттауда ғана емес, жастарды тәрбиелеуде де маңызды рөл атқарады.
Марапаттау рәсімі аясында, сонымен қатар, мына номинациялар бойынша дипломдар табыс етілді: «Ең үздік қақпашы», «Ең үздік қорғаушы», «Ең үздік шабуылшы», «Белсенді жанкүйер».

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almduis/press/news/details/1185553?lang=kk

Жауап қалдыру