Құрметті аудан тұрғындары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қасиетті мерекелердің бірі – Ораза айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан айы – сабыр мен шүкірдің, мейірім мен қайырымдылықтың, рухани тазарудың айы. Осы айда жасаған игі амалдарыңыз, ұстаған оразаларыңыз бен тілеген дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Ораза айт – адамдарды жақсылыққа үндейтін, бірлік пен бауырмалдықты нығайтатын ерекше күн. Бұл күні ағайын-туыс, көрші-қолаң бір-біріне ізгі тілектерін арнап, кешірім мен татулықтың үлгісін көрсетеді.

Біздің ауданымызда да ауызбіршілік пен өзара сыйластық әрдайым жоғары бағаланып келеді. Осындай ізгі қасиеттеріміз әрдайым арта берсін. Әр шаңыраққа береке-бірлік, ырыс-несібе, амандық пен қуаныш тілеймін!

Құрметпен
Әйтеке би ауданының әкімі
Д. Тоғызбаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1186057?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді