СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ КЕЗЕКТІ XXXІХ СЕССИЯ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ҚАЗЫҒҰРТ: СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ КЕЗЕКТІ XXXІХ СЕССИЯ ӨТТІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезекті отыз тоғызыншы сессиясы өтті. Жиынға аудан әкімі Азизхан Исмаилов, аудан әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, ауыл округтерінің әкімдері, дербес бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде 9 (тоғыз) маңызды мәселе қаралды:
1️⃣Қазығұрт аудандық мәслихат төрағасының «Мәслихаттың 2025
жылы атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы» есебі.
2️⃣Қазығұрт аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының 2025 жылғы қызметі жөніндегі есептері туралы.
3️⃣Қ.Әбдәлиев ауылдық округі әкімінің есебі туралы.
4️⃣Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеті туралы» №37/220-VIIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
5️⃣Түркістан облысы, Қазығұрт ауданындағы кейбір елді-мекендердің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы.
6️⃣Қазығұрт аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 ақпандағы №24/147-VІІІ «Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
7️⃣Қазығұрт аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі №55/343-VІ «Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
8️⃣Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 сәуірдегі «Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» №13/92-VІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
9️⃣Қазығұрт аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 сәуірдегі «Қазығұрт ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» №13/91-VІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Сессия қорытындысында аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы сөз сөйлеп, мәселелердің өзектілігіне тоқталды. Сондай-ақ, халық игілігі жолында атқарылып жатқан жұмыстарға белсенді атсалысып жүрген депутаттарға алғыс білдіріп, алдағы уақытта да бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kazygurt-audany/press/news/details/1185748?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді