
Орталық алаңда «Бақытты отбасы – берекелі шаңырақ» атты дәстүрлі қойылым сахналанып, Арал аудандық мәдениет үйі, №2 мектеп-интернаты және «Гүлдер» балабақшасының кішкетай өнерпаздарының қатысуымен жұртшылық назарына концерттік бағдарлама ұсынылды. Көрермендер ұлттық құндылықтарды дәріптеген тағылымды қойылым мен өнерлі ұжымдардың өнеріне тәнті болды.
Ал кешкілік Аманөткел, Қосжар, Бөген, Қаратерең және Жаңақұрылыс ауылдарының өнерпаздары сахна төрінде ән мен жырдан шашу шашып, мерекелік көңіл-күйді еселей түсті.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев ұйымшылдық танытып, белсенділік көрсеткен мәдениет және өнер қызметкерлерін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Осылайша Наурызнама онкүндігі аясындағы Шаңырақ күні жоғары деңгейде қорытындыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1185577?lang=kk

Жауап қалдыру