
Борыш жүктемесінен арылудың тетіктерінің бірі – соттан тыс банкроттық рәсімі болып табылады, оның жүргізілу мерзімі 6 (алты) айды құрайды («Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы).
2026 жылғы 16 қаңтарда (2026 жылғы 19 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі) азаматтардың жекелеген санаттары үшін аталған мерзімді қысқартуды көздейтін түзетулерге қол қойылды.
Атап айтқанда, 2026 жылғы 19 наурыздан бастап жиынтық берешегі 1 600 АЕК-тен (6 млн. 920 мың теңге) аспайтын және міндеттемелерін орындамау мерзімі 5 (бес) жылдан асатын азаматтарға қатысты соттан тыс банкроттық рәсімі 1 (бір) ай мерзімде жүргізіледі.
Аталған өзгерістер соттан тыс банкроттық рәсімін оңтайландыруға бағытталған кезекті қадам болып табылады және мемлекеттік аппараттың қоғам сұраныстарына жауап беруіндегі ашықтығы мен икемділігін көрсетеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1185976?lang=kk

Жауап қалдыру