
Бүгін аудандық мәслихат төрағасы Сәниев Сапар Қапарұлы және «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрайымы, аудандық мәслихат депутаты Латыпова Маржан Маратовна ауыз сумен қамтамасыз ететін насос станциясының жұмысымен танысты.
Маниторинг барысында станцияның 1986 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқаны анықталды. Нысанда әрқайсысы 2500 текше метр болатын екі резервуар бар. Үздіксіз жұмыс істеу үшін қосымша резервтік сорғылар орнатылған. Сонымен қатар, электр қуаты өшкен жағдайда қолдануға дайын 50 кВт дизельді генератор алынған.
Атап өту керек, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету тұрақты түрде жүргізілуде — су беру үздіксіз.
Нысанның жұмысы тұрақты бақылауда, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualmaslihat/press/news/details/1185875?lang=kk

Жауап қалдыру