
18-20 наурыз 2026 жылдары әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі мемлекеттік инспекторлары Жаңақала ауданындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне профилактикалық бақылау өткізді. Тексеру барысында 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII «Әлеуметтік кодексінің» талаптарының және әлеуметтік қорғау саласын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілердің сақталуы бағаланды. Арнайы назар мемлекеттік қызметтерді көрсету, әлеуметтік қызмет алушылардың құқықтарының сақталуы, қызметтердің уақытылы және толық көрсетілуі, сондай-ақ құжаттаманың дұрыс жүргізілу мәселелеріне аударылды. Бақылау барысында мамандарға қолданыстағы заңнаманың нормалары бойынша түсініктемелер берілді. Анықталған кемшіліктер бойынша оларды жою және болашақтағы қызметте алдын алу бойынша ұсыныстар енгізілді. Профилактикалық бақылау жүргізу жұмысы жалғасады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zko/press/news/details/1185865?lang=kk

Жауап қалдыру