ЖАС ДАРЫНДАРҒА ҚОЛДАУ – ЕЛ ЕРТЕҢІНЕ ИНВЕСТИЦИЯ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

⚜️Наурыз – жаңару мен жақсылықтың жаршысы ғана емес, ұлт рухын көтеріп, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беретін тағылымды кезең. Наурызнама онкүндігі аясында Ордабасы ауданында мазмұнды да мағыналы іс-шаралар легі жалғасуда. Соның бірі – білім саласында үздік жетістіктерге жеткен дарынды оқушыларды ұлықтауға арналған салтанатты кездесу болды.

⚜️Салтанатты жиында білім мен ғылым жолында табандылық танытып, түрлі байқаулар мен олимпиадаларда топ жарып жүрген 20 оқушыға құрмет көрсетілді. Аудан әкімі Азат Оралбаев жас буынның жетістігі – ел болашағының кепілі екенін атап өтіп, оқушыларды шын жүректен құттықтады. Сондай-ақ, білімді ұрпақ тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар мен ата-аналарға алғыс білдіріп, жас таланттарға сәттілік пен жаңа белестер тіледі. Жас дарын иелеріне арнайы «Наурыз қоржын» сый-кәдесін табыстап, олардың еңбегі мен талпынысына жоғары баға берді.

⚜️Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков те сөз алып, жас өрендерді Наурыз мерекесімен құттықтап, олардың жетістіктері ел мерейін үстем ететінін атап өтті. Ол дарынды жастарды қолдау – мемлекет дамуының маңызды бағыты екенін айтып, оқушыларға алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруға тілектестік білдірді.

⚜️Іс-шара барысында оқушылар өз жетістіктері туралы айтып, алдағы мақсат-мұраттарымен бөлісті. Бұл кездесу олардың білімге деген құштарлығын арттырып, жаңа жетістіктерге жігерлендірген рухани қолдау алаңына айналды.

⚜️Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылған мұндай игі бастамалар жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті нығайтып, білімге деген ынтасын арттыра түсетіні сөзсіз.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1185581?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді