Жасөспірімдер қауіпсіздігі – басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың тапсырмасына сәйкес, Әмір Темір атындағы мектептің жоғары сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу өткізілді.

     Шарада ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Г.Тұрысбеков полиция қызметкерлерімен бірлесіп, оқушылармен жасөспірімдер қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

     Іс-шараға мектеп басшылығы, психологтар мен педагогтар да қатысты.

     Кездесу барысында топтық төбелесу, буллинг, лудомания және бопсалаудың алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

     Оқушыларға мұндай құқық бұзушылықтардың салдары мен заң алдындағы жауапкершілік түсіндірілді.

     Полицейлер заң талаптарын сақтау, жеке жауапкершілік пен қауіпсіз мінез-құлықтың маңыздылығын еске салып, жасөспірімдердің құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша ұсыныстар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1185879?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді