ЖИ-ден ИНТЕРАКТИВТІ ПЛАТФОРМАЛАРҒА ДЕЙІН

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ЖИ-ден ИНТЕРАКТИВТІ ПЛАТФОРМАЛАРҒА ДЕЙІН

«Бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи цифрлық құралдарды практикалық қолдану» облыстық семинар-практикумның өтуі туралы.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 13 наурызда «Қостанай ауданы білім бөлімінің Заречный мектеп-лицейі» КММ базасында «Бастауыш сынып оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи цифрлық құралдарды практикалық қолдану» атты облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды. Семинарға бастауыш сынып мұғалімдері мен білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты.
Семинар-практикумның мақсаты: бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру және оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу процесінде заманауи цифрлық құралдарды пайдалану бойынша озық педагогикалық тәжірибе тарату.
Семинар барысында Заречный мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері, сондай-ақ Қарасу ауданы Станционный жалпы білім беретін мектебінің, Қостанай қаласының №16 және Әлихан Бөкейхан атындағы №29 жалпы білім беретін мектептері сонымен қатар, №18 мектеп-гимназиясының, Федоров ауданы Воронеж мектебінің, Қостанай ауданы Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясы Жамбыл жалпы білім беретін және Еңбек негізгі орта мектептерінің педагогтері ашық сабақтар өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Практикалық бөлімде «Әдебиеттік оқуда ЖИ мұғалімнің тиімді көмекшісі», «Функционалдық сауаттылық және жасанды интеллект: бастауыш білім берудегі жаңа тәсілдер», Воркшоп «Формирование функциональной грамотности на уроках в начальных классах», Skill-сессия «Создаём сказку сами, ИИ в действии» тақырыптарында шеберлік-сыныптар ұсынылды.
Қатысушыларға есептер құрастыру, құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды іріктеу және саралау тәсілдері, сондай-ақ оқу. Семинар қорытындысы бойынша бастауыш мектептегі математикалық білім сапасын арттыруға арналған практикалық құралдар ұсынылды. үдерісінде цифрлық білім беру ресурстарын тиімді пайдалану әдістері көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1185795?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді