Жуалы ауданында әскери-патриоттық және идеологиялық тәрбиеге бағытталған жиын өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен арнайы жиын өткізілді. Іс-шараға Жуалы ауданының орталық ауруханасының, Полиция бөлімінің, Ішкі саясат бөлімінің, «Аmanat» партиясының, сондай-ақ Халық банкінің қызметкерлері шақырылып, өзара тәжірибе алмасу және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жоспарға сәйкес қызметкерлер арасында патриоттық сезімді арттыру мақсатында Ауған соғысының ардагерлерінің қатысуымен тәрбиелік сабақ ұйымдастырылды. Кездесу барысында ардагерлер өз өмір жолы мен әскери қызмет кезіндегі тәжірибелерімен бөлісіп, Отанға қызмет етудің маңыздылығы туралы айтып өтті. Мұндай іс-шаралар жеке құрамның рухани-адамгершілік қасиеттерін нығайтуға және патриоттық тәрбиені дамытуға бағытталған.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1185644?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді