
17 наурыз – Шаңырақ күніне орай 43 жыл бойы бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатқан Абуевтер отбасымен тағылымды сұхбат ұйымдастырылды. Сыйластық пен сабырдың, махаббат пен түсіністіктің жарқын үлгісі болып отырған бұл отбасы – бүгінгі қоғамның айнасы.
Ұзақ жылдар бойы өмірдің қуанышы мен қиындығын қатар еңсерген Абуевтер отбасы өз тәжірибесімен бөлісіп, жас буынға отбасы бірлігін сақтау бойынша құнды ақыл-кеңестерін айтты. Осындай берекелі, бірлігі жарасқан отбасылар – ұлттық құндылықтарымыздың алтын діңгегі. Шара соңында үлгілі отбасына берік шаңырақ пен баянды бақыт тілегі білдірілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-akai/press/news/details/1186482?lang=kk

Жауап қалдыру