Депутаттар тұрғындарды қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
  2026 жылдың 16-20 наурыз аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары И.Басықараев, М.Әбдіқалықов, Ж.Жарасбаев, Р.Ысқақова және Ә.Әбіләзім қабылдауларын өткізді.
  Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан коммуналдық салаға қатысты бірқатар мәселелер көтерілді.
  – Қаланың сол жағалауындағы №28 көпқабатты тұрғын үйдегі пәтердің кіре берісіне мүгедектерге арналған пандус орнату;
  – Тасбөгет кентіндегі бұрынғы орталық мәдени паркіне көркейту-көгалдандару жұмыстарын жүргізіп, тұрғындардың демалыс орнына айналдыру;
  – П.Чайковский көшесі бойында орналасқан № 8 көпқабатты тұрғын үйге жүргізілген қайта жаңғырту жұмыстары барысындағы кемшіліктерді қалпына келтіру;
  – «Сыр ана» магистралды каналы арқылы Алмалы, Бәйшешек көшелерін аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында су реттегіш қондырғысын орнату;
  – «Бәйтерек» тұрғын ауданындағы № 10 көшеге күрделі жол жөндеу жұмыстары туралы.
  Тұрғындардың өтініштері тыңдалып, депутаттар тарапынан құзырлы органдарға депутаттық сауалдар жолданып, мәселелердің шешілуіне жұмыс жасайтындығы жеткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1186272?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді