
Павлодар өңірінде білімге ұмтылған ауыл жастарының жаңа легі қалыптасып келеді. Соның айқын дәлелі — IQanat олимпиадасы. Зияткерлік дода дарынды қыз балаларға арналған білім-инновация лицей-интернаты базасында өтті. Оған 265 павлодарлық оқушы қатысып олимпиаданың II кезеңіне жолдама алды.
Биылғы зияткерлік дода ауқымы бұрынғыдан да кең. Қазақстан бойынша 50 мыңнан астам ауыл баласы қатысып, соның ішінен 10 мыңға жуық үздік оқушы келесі кезеңге өтті. Бұл — ауыл мектептеріндегі білім сапасы мен оқушылардың әлеуеті жоғары екенін көрсететін маңызды көрсеткіш.
II тур — тек білімді тексеру емес, оқушының жан-жақты қабілетін саралайтын күрделі кезең. Қатысушылар логикалық ойлау, математикалық және оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырып қана қоймай, ағылшын тілі мен таңдаған пәні бойынша білімдерін дәлелдейді. Мұндай формат қазіргі заман талаптарына сай — аналитикалық ойлау, тілдік құзыреттілік және пәндік тереңдік қатар бағаланады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1186295?lang=kk

Жауап қалдыру