«НАУРЫЗ – КӨКТЕМ, ЖЫЛ БАСЫ»: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА АУДАН ӘКІМІ БЕС БҮЛДІРШІННІҢ ТҰСАУЫН КЕСТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🇰🇿Төлеби ауданында Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өтілді. Ленгір қаласының орталық алаңында ұйымдастырылған «Наурыз – көктем, жыл басы» атты мерекелік іс-шара аудан тұрғындары мен қонақтарының басын қосып, ұлттық құндылықтарды ұлықтаған тағылымды мерекеге айналды.
 
✅Мерекелік шара аясында қазақ халқының салт-дәстүрлері кеңінен насихатталып, ұлттық өнер дәріптелді. Алаңда әсем ән мен күй шырқалып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар тұрғындарға мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылып, ұлттық тағамдар әзірленді.
Айта кетерлігі, мерекеде ауданымызда тұратын барлық ұлт өкілдері өз өнерлерін көрсетіп, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.
 
✅Салтанатты жиында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов құттықтау сөз сөйлеп, барша аудан тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтады. Аудан басшысы өз сөзінде:
«Наурыз – татулық пен мейірімнің, жақсылық пен жаңарудың мерекесі. Бұл күні адамдар бір-біріне ақ тілектерін айтып, өткенге өкпе артпай, болашаққа үмітпен қарайды. Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа бақ-береке, молшылық пен қуаныш әкелсін!» – деп атап өтті.
 
✅Мерекелік жиын барысында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы бес бүлдіршіннің тұсауын қиып, олардың жаңа өмір жолындағы алғашқы қадамын бірге атап өтті. Сонымен қатар көпшілікке дәстүрлі Наурыз көже ұсынылып, мерекелік думан жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
 
📍Айта кету керек, соңғы жылдары Мемлекет басшысының бастамасымен Наурыз мерекесінің мазмұны жаңарып, «Наурызнама» онкүндігі аясында кеңінен атап өтіліп келеді. Бұл бастама ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға бағытталған.
 
✅Төлеби ауданында өткен Наурыз мерекесі тұрғындарға ерекше көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ел бірлігі мен татулығын айшықтай түсті.
 
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1185974?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді