
Бүгін Наурыз мейрамы мерекесіне орай Тоқжайлау ауылдық округінің мәдениет үйінде кең көлемді мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Ұлыстың ұлы күні ауыл тұрғындарын бір алаңға жинап, шаттық пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мерекелік бағдарлама барысында ұлттық салт-дәстүрлер дәріптеліп, ән мен күй орындалып, жиналған қауымға ерекше әсер сыйлады. Сахна төрінде өнерпаздар өнер көрсетіп, көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Іс-шараға ауыл ақсақалдары мен тұрғындары белсене қатысып, бір-біріне ақ тілектерін арнап, ізгі ниеттерін білдірді. Ақ дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды.
Наурыз – жаңару мен бірліктің, татулық пен берекенің мерекесі. Осындай игі шаралар ауыл тұрғындарының ынтымағын арттырып, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға зор үлес қосады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-tokzhailau/press/news/details/1186582?lang=kk

Жауап қалдыру