Қатарда казақстандық еріктілердің эвакуациялық шараларға қосқан үлесі атап өтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Доха, 2026 жылғы 21 наурыз – Қазақстан Республикасының Катар Мемлекетіндегі Елшілігі өңірдегі төтенше жағдай кезінде эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыруға үлес қосқан Қатарда тұратын қазақстандық еріктілермен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Елшісі Арман Исағалиев еріктілердің жанқиярлығы, жоғары жауапкершілігі мен қиын жағдайларда үйлесімді әрекет ету қабілетін ерекше атап өтті.
Елші өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Ерікті болу – игі істер жасау, жақсылық істеп, басқаға үлгі көрсету, Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу» деген сөздерін келтіріп, бұл қағидаттардың аталған жағдайда толық көрініс тапқанын жеткізді.

Сонымен қатар, еріктілердің қызметі шынайы патриотизм мен азаматтық бірліктің жарқын үлгісі екені айтылды. Қиын әрі қауіпті кезеңге қарамастан, қазақстандық еріктілер Елшілікпен үйлесімді түрде ұйымшылдық, батылдық пен жанашырлық танытып, Қазақстан азаматтарына, оның ішінде балаларға, әйелдерге және мүгедектігі бар тұлғаларға жан-жақты көмек көрсетті.

Жалпы, Катардағы қазақстандық еріктілер эвакуацияның барлық кезеңдерінде ұйымдастыру жұмыстарында Елшілік жұмысына елеулі үлес қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-doha/press/news/details/1186670?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді