РЕФЕРЕНДУМ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: БЕЛСЕНДІ АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізу барысында комиссия қызметінің алқалылығы, жариялылығы және ашықтығын қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар жоғары бағаланды.
Осыған орай, Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкеловтың алғыс хатымен Т.Рысқұлов ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының бірқатар мүшелері марапатталды.
Сонымен қатар, облыс және аудан әкімдерінің құрмет және алғыс хаттарымен де комиссия мүшелері ынталандырылды.
🏅 Ерекше атап өтсек, №357 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Түзелбаев облысқа сіңірген еңбегі үшін төс белгісімен марапатталды.
Аталған марапаттар – комиссия мүшелерінің жауапкершілігі мен кәсібилігінің, сондай-ақ бірлескен жұмыстың жоғары нәтижесінің айқын көрінісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/1186115?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді