ТҮРКІСТАН – ТУРИСТЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ ҚАЛА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында тұрғындар мен туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында заманауи туристік инфрақұрылым нысандары жүйелі түрде дамытылып келеді. Атап айтқанда, қала аумағында ақпараттық орталықтар, туристік полиция бекеттері және «ақылды» дәретханалар тұрақты түрде жұмыс істеуде.
Аталған бастамалар туристерге сапалы қызмет көрсету деңгейін арттыруға, сондай-ақ қаладағы сервистік инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған.
Наурыз мерекесі қарсаңында қалаға келетін қонақтар легінің артуына байланысты ақпараттық орталықтар келушілерге қажетті мәліметтермен қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында туристік полиция бекеттері тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқаруда.
Туристік полиция бекеттері қаладағы негізгі туристік нысандарды толық қамтиды. Атап айтқанда, Керуен Сарай туристік кешені маңында орналасқан бекетте 25 қызметкер қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Бұдан бөлек, қалада жаңа үлгідегі модульдік «ақылды» дәретханалар орнатылған. Аталған нысандар заманауи автоматтандырылған жүйемен жабдықталып, санитарлық талаптарға толық сәйкес келеді. Пайдаланушылар үшін барынша ыңғайлы әрі қауіпсіз жағдай қарастырылған.
«Ақылды» дәретханалар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағында, Керуен Сарай туристік кешені аумағында, сондай-ақ орталық көшелер мен негізгі туристік бағыттар бойында орналасқан.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1186099?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді