
Жақсы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырыс барысында өзекті әлеуметтік және экономикалық мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, Жақсы ауданында инклюзивті білім беруді дамыту ерекшеліктері мен проблемалық мәселелері, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен мектепке дейінгі мекемелерде тамақтануды ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, қоғамда бұқаралық мәдениетті қалыптастыру аясындағы әлеуметтік-мәдени нысандардың жұмыс тиімділігі талқыланды. Киев ауылындағы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуге бөлінген бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуы және атқарушы органдардың жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылы туралы есеп тыңдалды.
Отырыс қорытындысы бойынша барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар беріліп, алдағы жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhaksy/press/news/details/1186296?lang=kk

Жауап қалдыру