Қорғалжын аудандық мәслихат депутаттарының
және аудан тұрғындарының назарына!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару» туралы Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес, 2026 жылғы 26-шы наурыз сағат 11.00 –де Қорғалжын аудандық мәслихатының сегізінші шақырылған қырық бесінші кезектен тыс сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессияның күн тәртібінде төмендегі негізгі мәселелер қаралады:
- Қорғалжын аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1/40 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Қорғалжын аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 2/41 «2026-2028 жылдарға арналған Қорғалжын ауданының Арықты ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қорғалжын аудандық мәслихатының 2024 жылғы 6 наурыздағы № 4/14 «Қорғалжын ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қорғалжын аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 3/20
«Қорғалжын ауданы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қорғалжын аудандық
мәслихатының
төрағасы Б. Рыспаев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-korgal/press/news/details/1186846?lang=kk

Жауап қалдыру