
Наурыз мейрамына орай, мәдени-бұқаралық іс-шаралардың өткізілуіне байланысты қала көшелерінде уақытша қозғалыс шектеулері енгізіледі.
Атап айтқанда:
* 2026 жылғы 22 наурыз күні сағат 08:00-ден 16:00-ге дейін Әбілқайыр хан даңғылының М.Мәметова көшесінен Ғ.Жұбанова көшесіне дейінгі аралығы автокөлік құралдары үшін жабылады.
* Сонымен қатар, Есет батыр тұрғын алабының 2-ші және 3-ші шағын аудандарында 2026 жылғы 21 наурыз сағат 12:00-ден 22 наурыз сағат 15:00-ге дейін жол қозғалысына уақытша шектеу қойылады.
Шектеу мерекелік іс-шараларға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында енгізіледі.
Осыған байланысты жол қозғалысындағы өзгерістерді алдын ала ескеріп, бағыттарыңызды жоспарлауларыңызды сұраймыз.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз және мерекелік көтеріңкі көңіл-күй тілейміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1186790?lang=kk

Жауап қалдыру