
Облыс әкімдігінің жұмылдыру басқармасы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының (әрі қарай – Басқарма) ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні – 22 Наурыз мерекесіне орай кең ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шараға Басқарма, «99205 әскери бөлімі» РММ облыстық аумақтық қорғаныс бригадасы, Басқарманың мамандандырылған базасы және Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының №3 өрт сөндіру бөлім ұжымдары қатысты.
Мерекелік іс-шараның ашылуында мекеме басшысылары сөз сөйлеп, барша қатысушыларды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар, ақ батасын беріп, ел тыныштығы мен бірлігінің нығая беруіне тілектестік білдірді.
Іс-шара барысында ұлттық рухты көтеретін және салауатты өмір салтын насихаттайтын түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, шағын футбол, үстел теннисі, арқан тарту, асық ату, гір көтеру секілді жарыстар өткізіліп, барлық қатысушы мекемелердің қызметкерлері белсенділік танытты. Бұл ойындар қатысушылардың ептілігі мен күш-жігерін сынап қана қоймай, ұжым арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етті.
Мерекелік бағдарламаның қорытынды бөлімінде жарыстарда ерекше көзге түскен және белсенділік танытқан қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1186797?lang=kk

Жауап қалдыру