Ынтымақ күніне орай мерекелік дайындықтар жүргізілуде.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

21 наурыз – Ынтымақ күніне орай Жыланды ауылдық округінде мерекелік іс-шараларға дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ауыл тұрғындары мен азаматтары бірлік пен берекенің жарқын үлгісін көрсетіп, ұлттық дәстүрге сай киіз үйлер тігіп, ұйымдастыру жұмыстарына белсене атсалысуда.

Тігілген киіз үйлер ұлттық нақышта безендіріліп, мерекелік алаң көркем түрде әрленуде. Сонымен қатар, мәдениет үйі қызметкерлері сахна аумағын безендіріп, жалаушалар іліп, мерекелік атмосфера қалыптастыруда.

Аталған шаралар ауыл тұрғындарының ауызбіршілігін нығайтып, Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесін жоғары деңгейде қарсы алуға деген зор ықыласын көрсетеді.

Бұл – ата-бабамыздан келе жатқан асыл дәстүрлердің жаңғыруының және бірлігіміздің айқын көрінісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1186750?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді