№11 Қалалық емханада «Тазару күні» аясында сенбілік өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

№11 Қалалық емханада «Тазару күні» экологиялық бастамасы аясында және Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасын іске асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде сенбілік ұйымдастырылды.

Елімізде экологиялық акциялар жүйелі түрде өткізіліп, тазалық мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға және азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Президент тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бастамасы мыңдаған қазақстандықтарды біріктіріп, қоғам өмірінің маңызды бөлігіне айналды.

Емхана қызметкерлері акцияны белсенді қолдап, аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді: қоқыстан тазартылып, жасыл аймақтар ретке келтірілді, мекеме аумағы абаттандырылды.

Мұндай іс-шаралар қаланың санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындар арасында тазалық пен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

«Тазару күні» аясындағы сенбіліктер өмір сүруге қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған ауқымды экологиялық қозғалыстың бір бөлігіне айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1189046?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді