2026 жылдың 19 наурыз күні Департаменттің “Арнайы тергеп-тексеру комиссиясын құру туралы” бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің “Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу” туралы 20-тарауы бойынша арнайы комиссия құрылып, Департаменттің “Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің” басшысы – мемлекеттік еңбек инспекторы Сейтқазин Асқар Сейтқазыұлы Созақ ауданында орналасқан «Central Asia Mining Co» ЖШС-де орын алған жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді.
Арнайы тексеру комиссиясы жазатайым оқиғаның мән-жайларын жан-жақты зерделеп, тексеру барысында қызметкердің еңбек міндеттерін орындау жағдайы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалардың жүргізілуі қарастырылды.
Өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу – қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғаудың маңызды шарты. Сондықтан әрбір жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауға ерекше назар аударып, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс.
Жауап қалдыру