2026 жыл – Балалар жылы: қауіпсіздік пен құқықтарды қорғау басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан бойынша 2026 жыл «Балалар жылы» деп жарияланып, жас ұрпақтың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғауға ерекше мән берілуде.

Осыған орай құқық қорғау органдары балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейтуде.

Полиция қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар өткізіп, білім беру ұйымдарымен және ата-аналар қауымымен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Құқық қорғау органдары ата-аналарды балалардың бос уақытын бақылауға, олардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ жасөспірімдерге заң талаптарын сақтау, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау және қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын ұстану қажеттігі ескертіледі.

👨‍👩‍👧‍👦 Балалардың амандығы – қоғамның басты құндылығы!
Бірге қауіпсіз болашақ құрайық!

https://www.instagram.com/reel/DWTdiAkjaas/?utm_source=ig_web_copy_link

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1187762?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді