
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы – Н. Е. Ақынтаев және бөлімнің бас маманы – Р. С. Акылов 2026 жылғы 16-18 наурыз аралығында «Шемонаиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 2026 жылғы 1 жартыжылдыққа бекітілген жоспарға сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізді.
Тексеру нәтижесінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз ететін меншік нысанына қарамастан субъектілерге (ұйымдарға) қатысты мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы бойынша сәйкессіздіктер анықталып, мекеме басшысына орындау мерзімін көрсетіле отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Сондай-ақ, бақылау бөлімінің мамандары Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандарымен бірлесіп, халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қатысушылардың барлық сұрақтарына жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-vko/press/news/details/1187829?lang=kk

Жауап қалдыру