2026 жылғы 23–28 наурыз аралығында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасында Алғашқы Жастар Дельфий ойындары Бішкек қаласында өтуде.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бұл туралы Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі хабарлады.

Бұл — Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің дарынды жастарын біріктіретін халықаралық мәдени іс-шара.

Аталған беделді халықаралық додаға Қазақстан да Бішкек қаласына өз делегациясын жіберді. Қатысушылар ел ішінде өткен іріктеу кезеңінен өтіп, түрлі шығармашылық номинациялар бойынша еліміздің намысын қорғауда. Еліміздің намысын қорғап, Абай облысы атынан, халықаралық аспаптар номинациясынан домбыра аспабынан өнер көрсетіп жатқан үміткер — Абай облысы білім басқармасының Семей қаласының білім бөлімінің Шәкәрім атындағы көпбейінді 5 гимназиясының 6 “Б” сынып, Татар өнер мектебінің оқушысы Қажимұрат Музаффар халықаралық байқауға жолдама алып, қазіргі таңда жас дарын халықаралық сахнада өнер көрсетуде🇰🇿
Жас өнерпазға сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-bilim/press/news/details/1187197?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді