2026 жылғы 27 наурызда «ОРИЕНТ-ТЕРРА» ЖШС мекемесінің жұмыскерлерінің қатысуымен жазатайым оқиға орын алуына байланысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 27 наурызда «ОРИЕНТ-ТЕРРА» ЖШС мекемесінің жұмыскерлерінің қатысуымен жазатайым оқиға орын алуына байланысты, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары Сейниханов Нурлан Кожагелдыулы мен Бүркітбаев Ұлан Жандосұлы оқиға орнына барып, тиісті тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру барысында жұмыскерлерден сауалнама алынып, жазатайым оқиғаның мән-жайы жан-жақты зерделенді. Сондай-ақ, куәгерлерден түсініктемелер жиналып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталу деңгейіне талдау жүргізілді.

Аталған оқиға бойынша бастапқы себептер айқындалып, еңбек қауіпсіздігі қағидаларының сақталуы тұрғысынан бағалау берілді. Қажетті құжаттар қаралып, жауапты тұлғалардан түсіндірмелер алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-enbek/press/news/details/1188565?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді