«Заң мен Тәртіп» инсталляциясы аясында қазақ даласындағы заң жүйесінің даму кезеңдері көрсетілді: «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Тәуке ханның Жеті жарғысы», сондай-ақ 1995 жылғы Конституция мен 2026 жылғы жаңа Конституция. Бұл арқылы заң үстемдігі ұлттық дәстүрдің ажырамас бөлігі екені көрсетілді.
Сонымен қатар, ұлттық ойындар ұйымдастырылып, асық ату, «Ортеке» биі және балаларға арналған ойындар ұсынылды. Балалардың бос уақытын мазмұнды өткізуге және дұрыс демалыс мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән берілді.
Облыс прокуратурасы Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтап, амандық пен береке тілейді!
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1187428?lang=kk

Жауап қалдыру