
23 наурыз күні Сырымбет ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында және «Тазару күніне» орай сенбілік өткізілді.
Іс-шараға округ тұрғындары, жастар, еріктілер және еңбек ұжымдары белсене қатысты. Сенбілік барысында аулалар мен аула маңындағы аумақтар тазартылып, жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсетілді.
Туған ауылымыздың көркеюі мен тазалығына өз үлесін қосқан барша азаматтарға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Тек бірлесіп қана округімізді таза, көрікті әрі жайлы ете аламыз! 
![]()

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau-syrymbet/press/news/details/1187709?lang=kk

Жауап қалдыру