
Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссияның отырысы
2026 жылдың 27 наурызында Жамбыл ауданы әкімінің аппаратында әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыста міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы, аудан кәсіпорындары мен ұйымдарының міндетті әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын уақтылы төлеуі туралы мәселелер қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша басшыларға ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ozsp/press/news/details/1188236?lang=kk

Жауап қалдыру