
Наурыз мейрамы қарсаңында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мамандары қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға барып, оларды мерекемен құттықтады.
Кездесу барысында азаматтарға ерекше көңіл бөлініп, мерекелік сыйлықтар табысталды, сондай-ақ алдағы мерекеге орай ізгі тілектер жеткізілді.
Аталған іс-шара департаменттің қалыптасқан игі дәстүріне айналып, қарттар мен мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсетуге, оларға қамқорлық пен құрмет білдіруге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1187814?lang=kk

Жауап қалдыру