Ақмола облысында агроөнеркәсіптік кешенге инвестициялар тарту талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысының әкімдігінде облыс әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Іс-шараға аудан және қала әкімдері, сондай-ақ басқарма басшылары мен «Көкше» ӘКК өкілдері қатысты.

18 млрд теңге көлеміндегі қолжетімді кредит қаражаты есебінен жаңа сүт-тауар фермаларын құру және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту бойынша 8 жоба қаржыландырылды. Бүгінгі күні 5,8 мың басқа арналған 6 сүт-тауар фермасы іске қосылып, бұл өңірде сүт өндірісінің 28%-ға өсуін қамтамасыз етті. Барлық фермаларды толық қуатына енгізу жыл сайынғы тауарлы сүт өндірісін 48 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.

«Өңірде ауыл шаруашылығына жеңілдетілген кредит беру мен инвестициялар тарту жұмыстары әлсіз жүргізілуде. Инвестициялық белсенділік деңгейі өңірдің даму көрсеткіші әрі оның отандық және шетелдік бизнес үшін тартымдылығын айқындайды. Біздің негізгі міндетіміз – облыста қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырып, инвесторлар үшін қажетті жағдай жасау», – деп атап өтті өңір басшысы.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға салаға 125 млрд теңгеден астам қаражат тартылған. 2026 жылға арналған облыстың АӨК-іне инвестициялар тарту бойынша жоспарлы мақсатты көрсеткіш 159,4 млрд теңгені құрайды.

Кеңесте сондай-ақ АӨК саласында кредит беру және жобаларды іске асыру жұмыстары төмен деңгейде жүргізіліп отырған өңірлер атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша АӨК негізгі капиталына инвестициялар өсімінің оң қарқынын қамтамасыз ету, сондай-ақ барлық инвестициялық жобалардың уақтылы іске асырылуын және олардың сүйемелденуін бақылауда ұстау тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1189051?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді