Ақтөбеде жұмыспен қамтуға бағытталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтт

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен «Keruen City» сауда-ойын-сауық орталығында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында және Наурыз мерекесіне орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

🎯 Іс-шараның негізгі мақсаты – жұмыс іздеушілерге бос жұмыс орындары туралы кеңінен ақпарат беру, жұмыс берушілер мен азаматтар арасында тікелей байланыс орнату, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

Жәрмеңкеге 20-дан астам жетекші кәсіпорындар, шағын және орта бизнес өкілдері, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер қатысып, 100-ге жуық өзекті бос жұмыс орындарын ұсынды.

📚 Іс-шара аясында қатысушыларға жұмыспен қамтудың белсенді шаралары, мемлекеттік қолдау тетіктері және қысқа мерзімді кәсіптік оқыту мүмкіндіктері туралы кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, барлық бос жұмыс орындары Электрондық еңбек биржасы порталында (www.enbek.kz) жарияланған. Қазіргі таңда аталған платформада білім беру, медицина және фармацевтика, көлік және логистика, өндіріс және өзге де салаларды қамти отырып, Ақтөбе облысы бойынша 2800-ден астам бос жұмыс орны қолжетімді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-transport/press/news/details/1188645?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді