Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 27 наурыз күні  Ақсуат ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісіне аудандық мәслихаттың депутаттары, ауылдық округ әкімдері мекеме, бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі  мәселелер бойынша «Пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару және оларды қайта үйлестіру жұмысы туралы» аудандық ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ахметов Серік Таупихұлы, «Ақсуат ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебі» Ақсуат ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директоры Жанат Данияр Жанатұлы хабарламалары және кезекті қырықыншы сессияның күн тәртібіндегі ұсынылған ауылдық округтердің 2025 жылғы бюджеттерінің орындалуы туралы мәселелер тыңдалып, сессияда бөлінген әрбір қаражат тиімді, халықтың игілігіне жұмсалуы туралы депутаттар тарапынан ауылдық окургтер әкімдеріне ұсыныстар айтылды.

Күн тәртібінде енгізілген мәселер жан-жақты қаралып, аудандық мәслихаттың кезекті қырықыншы сессиясының қарауына ұсынылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aksuat/press/news/details/1188783?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді