
Елордалық ТЖД құтқарушылары балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алу бойынша ата-аналарға үндеу жасады.
«Күн жылынған сәттен бастап қауіпсіздік шараларына көбірек көңіл бөлу керек», – дейді елордалық құтқарушылар.
Балалар жарақатын азайтудың негізгі қауіпсіздік ережелері:
– үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмаңыз, өйткені бұл баланың өмірі мен денсаулығы үшін үлкен қауіп болмақ;
– балаларды қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе терезенің алдында ойнатпаңыз;
– терезедегі масалардан қорғайтын торға сүйеніп тұруға болмайды, бала сол торға алданып, құлап кетуі мүмкін;
– баланың терезені өз бетінше ашуына кедергі келтіретін қауіпсіздік құлыптарын (блокаторлар) орнату керек;
– бала терезенің алдына шығып кетпес үшін жиһазды терезенің жанына қоймаңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/1187823?lang=kk

Жауап қалдыру