
Бүгін Астана алаңында күндізгі кең ауқымды мәдени-көпшілік іс-шаралар өтті. Сонымен қатар қаладағы Әл-Фараби алаңы, Наурыз алаңы, Металлургтер саябағы, Наурыз саябағы, Алатау саябағы және Арбат демалыс аймақтарында бір мезетте халықтық мерекелер ұйымдастырылды.
Сағат 11:00-де басталған мерекелік бағдарлама аясында Астана алаңында театрландырылған қойылымдар, концерттер, ұлттық ойындар, робототехника көрмесі мен VR алаңшалары, кітап көрмелері ұсынылды.
Күндізгі концерттік бағдарламада жергілікті өнерпаздармен қатар елімізге танымал эстрада жұлдыздары – «Азия» тобы, Жұбаныш Жексенұлы, Шаба Әденқұлова, Айдана Меденова өнер көрсетті.
Еске сала кетейік, кешкі сағат 19:00-де Астана алаңында елімізге танымал эстрада жұлдыздары TURAR мен Kalifarniya қатысатын мерекелік концерт өтеді. Мерекелік кеш отшашумен қорытындыланады
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-til/press/news/details/1188653?lang=kk

Жауап қалдыру