
Маңғыстау ауданы аумағында мектеп оқушыларының демалыс кезеңінде құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шара кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, отбасылық қолайсыздықты анықтауға және балалардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруін бақылауға бағытталған.
Іс-шараның негізгі бағыттары:
- балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қаңғыбастық пен үйден кетудің алдын алу;
- кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды азайту;
- қолайсыз отбасыларды анықтау және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру;
- сауда орталықтары, ойын-сауық орындары мен компьютерлік клубтарға тексеріс жүргізу.
Полиция қызметкерлері білім беру ұйымдары және жастар орталығы өкілдерімен бірлесіп, профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Іс-шара аясында кәмелетке толмағандардың сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз қоғамдық орындарда жүру деректері бақылауға алынады.
👨👩👧👦 Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның ортақ міндеті!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1187760?lang=kk

Жауап қалдыру