«Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау ауданы аумағында мектеп оқушыларының демалыс кезеңінде құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында «Демалыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шара кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, отбасылық қолайсыздықты анықтауға және балалардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруін бақылауға бағытталған.

Іс-шараның негізгі бағыттары:

  • балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қаңғыбастық пен үйден кетудің алдын алу;
  • кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды азайту;
  • қолайсыз отбасыларды анықтау және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру;
  • сауда орталықтары, ойын-сауық орындары мен компьютерлік клубтарға тексеріс жүргізу.

Полиция қызметкерлері білім беру ұйымдары және жастар орталығы өкілдерімен бірлесіп, профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Іс-шара аясында кәмелетке толмағандардың сағат 23:00-ден кейін заңды өкілдерінсіз қоғамдық орындарда жүру деректері бақылауға алынады.

👨‍👩‍👧‍👦 Балалардың қауіпсіздігі – қоғамның ортақ міндеті!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1187760?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді