«DIGITAL QAZAQSTAN» ФОРУМЫ ЖАҢА БЕЛЕСКЕ ЖОЛ АШУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан цифрландыру мен жасанды интеллект жаңа экономикалық модельдің негізіне айналатын кезеңге қадам басып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялағаны белгілі.

Бұл саланың еліміз үшін маңыздылығы айрықша. Биыл Қазақстанда ауқымды саяси өзгерістер мен жаңарулар болып жатыр. Еліміздің азаматтары жаңа Конституцияны қабылдады және онда алғаш рет конституциялық деңгейде цифрлық құқықтар бекітілді. Бұл саланың одан әрі дамуына елеулі серпін беріп қана қоймай, мемлекеттің стратегиялық басымдықтарын да көрсетеді. Цифрлық құқықтарды ең жоғары деңгейде бекіту біз үшін цифрлық трансформация тек технологияларды дамыту туралы ғана емес, сонымен қатар нақты құқықтық кепілдіктер, деректерді қорғау және сенім принциптері туралы екенін айқындайды. Осылайша, Қазақстан цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамыту үшін болжамды әрі тұрақты құқықтық орта қалыптастыруда,-деді «Digital Qazaqstan» форумына қатысушылар алдында сөз сөйлеген ҚР Премьер -министрі Олжас Бектенов.

Айта кетейік, БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту индексінде Қазақстан цифрландыру ісі бойынша 193 елдің ішінде 24-орында тұр. Сала мамандары бүгінгі таңда елімізде онлайн қызметтердің сапасы бойынша әлемдік көшбасшылардың жетекші ондығына кіргенімізді алға тартуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1188769?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді