
Ең әдемі киім – ұлтыңның киімі «Ұлттық киім күні» аясында мекеме қызметкерлерінің қатысуымен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға арналған тағылымды іс-шара өтті. Қазақтың дәстүрлі киімдері – халқымыздың тарихы мен мәдениетінің айнасы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан асыл мұра. Іс-шараның мақсаты – ұлттық киімнің маңызын кеңінен насихаттау, халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеу және ұлттық болмысымызды жаңғырту. Сонымен қатар, жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезімді қалыптастырып, төл мәдениетімізге деген құрметті арттыру көзделді.
Шара барысында қатысушылар ұлттық нақыштағы киімдер киіп, ата-бабамыздан қалған асыл мұраны дәріптеп, ерекше сән мен рухани үйлесімділікті көрсете білді. Бұл – тек киім емес, бұл – ұлттың жаны, тарихы мен тағдыры.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karashygan/press/news/details/1188580?lang=kk

Жауап қалдыру