
Ағымдағы жылдың 26 наурыз күні, Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметшілеріне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Ибрашевтың қатысуымен құқықтық түсіндіру және профилактикалық жұмыстар өткізу мақсатында кезекті ақпараттық-түсіндіру жиыны өткізілді.
Аталмыш жиын барысында:
1) Мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексінің және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың талаптарын сақтау;
2) Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың талаптарын сақтау;
3) Іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну мәселелері кеңінен талқыланып, тиісті түсініктер берілді.
Жиын соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарымен бөлісті.
Мұндай кездесулер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға, қызметтік тәртіпті нығайтуға және азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1188141?lang=kk

Жауап қалдыру