
Клиникалық құқықтық білім беру: теория мен тәжірибе сабақтастығы
Кеше Yessenov University жанындағы заң клиникасы аясында құқықтану мамандығының студенттері үшін кәсіби тәжірибеге бағытталған мазмұнды кездесу өтті. Іс-шара клиникалық құқықтық білім беру (clinical legal education) қағидаттарына негізделіп, студенттердің теориялық білімін нақты құқық қолдану тәжірибесімен ұштастыруға бағытталды.
Кездесуге білікті заңгер, мол кәсіби тәжірибесі бар заңгер-кеңесші Есекенова Татьяна Кажмуратовна қатысып, студенттермен құқықтық қызмет саласындағы практикалық тәжірибесімен бөлісті.
Талқылау барысында құқық қолдану тәжірибесінде жиі кездесетін мәселелер, заңгер мамандығының кәсіби ерекшеліктері, теориялық білімнің практикалық қызметтегі маңызы және қазіргі кезеңдегі құқықтық қызметтің трансформациясы жөнінде мазмұнды пікір алмасу өтті. Студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, кәсіби диалог қалыптасты.
Сонымен қатар құқық саласындағы заманауи үрдістерге ерекше назар аударылып, жасанды интеллекттің (ЖИ) құқықтық қызметке ықпалы, құқықтық мамандықтардың цифрлық трансформациясы, сондай-ақ конституциялық-құқықтық реформалар контекстіндегі адвокатура институтының дамуы мәселелері де талқыланды.
Кездесу аясында заң клиникасының pro bono қызметі шеңберінде сырттан жүгінген екі азаматқа кәсіби құқықтық көмек көрсетіліп, қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес құқықтық түсіндірмелер берілді.
Осындай тәжірибелік кездесулер болашақ заңгерлердің құқықтық талдау мәдениетін қалыптастыруға, кәсіби құзыреттерін дамытуға және қоғамға құқықтық көмек көрсету мәдениетін нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1187991?lang=kk

Жауап қалдыру