
Маңғыстау ауданы полиция бөлімі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүк көліктеріне қатысты профилактикалық іс-шараларды өткізуде.
Іс-шаралардың негізгі мақсаттары:
- жол-көлік оқиғаларының алдын алу;
- жүк көліктерінің техникалық жағдайын бақылау;
- жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері:
- жүк көліктерінің құжаттарын тексереді;
- техникалық талаптарға сәйкестігін, жүктің дұрыс тиелуі мен бекітілуін бақылайды;
- жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін қадағалайды.
Сонымен қатар, жүргізушілерге профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жол қауіпсіздігін сақтау қажеттілігі туралы ескерту жасалады.
Маңғыстау ауданы Полиция бөлімі
https://www.instagram.com/reel/DWXJ6jKCXkn/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1189033?lang=kk

Жауап қалдыру