
Солтанмуратов Ерлан Назарбайұлы 1998 жылы 28 тамызда Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында дүниеге келген.
Батыс Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Электрмен қамтамасыз ету» және «Электроэнергетика» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
2020 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет атқарады. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды жою басқармасында аға инженер қызметін атқарады.
Қызмет барысында өзін тәртіпті, жауапты және кәсіби маман ретінде көрсетті. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бағытындағы жұмыстарға белсенді қатысып келеді. Халықпен тиімді коммуникация орнатып, қауіпсіздік бағытында түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды жолға қойып, азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған ақпараттық материалдар, брифингтер мен ресми хабарламаларды дайындауға қатысады. Сонымен қатар, департамент ұйымдастыратын қоғамдық және профилактикалық іс-шаралар мен акцияларға белсенді түрде қатысады.
Маңғыстау облысы ТЖД
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-mangystau/press/news/details/1187773?lang=kk

Жауап қалдыру