Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызды бағыттарының бірі – еңбекке және түрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды қалыптастыру.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құзыреттілік орталығы мен тірек мектептердің бірлескен жылдық жұмыс жоспарын іске асыру аясында «Родничок» бөбекжай-бақшасы КМҚК базасында бекітілген мектепке дейінгі ұйымдарға арналған «Мектепке дейінгі балаларға ерте кәсіптік бағдар беру: қалай қызықтырып, бағыттау керек» тақырыбында семинар өткізілді.

      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызды бағыттарының бірі – еңбекке және түрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды қалыптастыру. Бұл жұмыс күнделікті ойын және практикалық іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Осы барысында балалар әртүрлі мамандықтармен танысып, өздерінің жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарына сай қарапайым еңбек дағдыларын меңгереді.

     Семинар барысында қатысушыларға келесі тақырыптар бойынша шеберлік сағаттары ұсынылды:

–        «Мектепке дейінгі балаларға ерте кәсіптік бағдар берудің құралы ретінде иммерсивті сюжеттік-рөлдік ойын» (тәрбиеші Кусаинова Асель Анатольевна);

–        «Мектепке дейінгі жастағы балаларға кәсіптік бағдар берудің заманауи тәсілдері (ойын, бейімдеу, қызығушылықты ояту)» (тәрбиеші Тлеубаева Жазира Кунанбаевна);

–        «Мектеп жасына дейінгі балаларды мамандықтар әлеміне ойын арқылы баулу» (тәрбиеші Оспанова Алия Майдановна);

–        «Лэпбук пен буклет – мектепке дейінгі балаларды мамандықтар әлемімен таныстырудың интерактивті формалары» (тәрбиеші Гайер Анна Петровна).

     Семинар жылы әрі достық атмосферада өтіп, мазмұнды және танымдық болды. Қатысушылар өз тәжірибелерінде қолдануға болатын жаңа идеялар мен тиімді әдіс-тәсілдер алды. Педагогтар мен ұйымдастырушылар жоғары кәсібилік деңгейін көрсетіп, барлық қатысушылардың белсенді қатысуына және қызығушылығына қолайлы жағдай жасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aiyrtau-edu/press/news/details/1187846?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді